21 қыркүйекте Кения астанасы Найробидегі сауда орталығына содырлар шабуыл жасаған еді. Олар қазір кепілге тұтқын алған. Кепілге алынған адамдар саны белгісіз. Соңғы түскен ақпараттарға қарағанда сауда орталығының ішінде 10-15 терроршы бекінген.
Оларға қарсы операция жалғасып жатыр. Қазірге дейін 59 адам қаза тапты. Associated Press мәліметі бойынша, мерт болғандар арасында АҚШ, Франция, Канада азаматтары мен Кения президенті Ухуру Кениаттың туыстары бар. Мыңға жуық адам сауда орталығы ғимаратынан аман-есен шығарылған.
Кения арнайы жасағы сауда орталығы ғимаратына кіріп, терроршыларға қарсы улы газ қолданды. Содырлармен атыс кезінде екі сарбаз жараланған.
Шабуылды Сомалидегі исламшыл топ - "Әл-Шабаб" жасаған. Экстремистер "бұл шабуылды Сомалидегі халықаралық бітімгершілік операциясына Кенияның да қатысқаны үшін жасағандарын" мәлімдеген.
Гана президенті Джон Драмани "Найробидегі сауда орталығындағы операция кезінде ганалық танымал ақын Кофи Анийдохоның қаза тапқанын" хабарлады.