Ресей әскери техникасы
Нижний Тагил қаласында Ресейдің әскери техника көрмесі өтті. Онда осы елде жасалған соғыс техникалары мен әскери көліктер, DA40 ұшағы, брондалған өрт сөндіру машинасы, шынжыр табанды ПТС- 4 транспортері көрсетілді. Жаяу әскер көліктері Франция өндірушілерімен бірігіп жасалған, салмағы 30 тонна тартады, төбесіне шағын зеңбірек орнатылған. 8 қарулы сарбазды соғыс өтіне апара алады. DA40 ұшағы Австрия мамандарымен бірлесіп құрастырылған. Брондалған өрт сөндіру көліктері Т80 танкісі негізінде жасалған. Жүргізушісіз де қозғалады. Майдан даласындағы түрлі кедергілерден (өзен, көлдерді қосқанда) тез өтетін шынжыр табанды тасымал көлігі де алғаш рет көрсетілді.