Сенбі күні Нью-Йорктен Тегеранға оралған Иран президенті Хассан Роуханидің көлігіне қарсыластары аяқ киім және басқа да заттар лақтырды.
БҰҰ Бас ассамблеясы сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке сапарында Барак Обамамен телефон арқылы 15 минут сөйлескен Роуханиді әуежайда қарсы алу үшін қолдаушыларымен қатар қарсыластары да жиналған. Роуханидың қарсыластары «Америка жойылсын!», «Израиль жойылсын!» деп ұрандаса, қолдаушылары оған алғыс білдіріп құрбандыққа қой шалған.
Бұл туралы ирандық ақпарат құралдарына сілтеме жасап, Азаттық радиосының парсы қызметі - Фарда радиосы хабарлады.
27 қыркүйекте АҚШ президенті Барак Обама Иран президенті Хассан Роуханимен телефон арқылы сөйлескен. Бұл 1979 жылдан кейінгі екі ел басшылары арасындағы тұңғыш байланыс болды. Америка жағы сөйлесудің Иран тарапының өтініші бойынша болғанын айтса, ирандықтар сөйлесуге Америка ынта білдірді дейді.