6 қазанда Ауғанстанның оңтүстігінде төрт НАТО әскери қызметкері қаза тапты. Ауғанстандағы халықаралық күштер коалициясы басшыларының хабарлауынша, олар әскери операция кезінде мерт болған.
НАТО басшылығы таратқан мәлімдемеде оқиғаның жай-жапсары мен қаза тапқан әскерилердің қай елдің азаматтары екені айтылмайды.
Associated Press мәліметіне қарағанда ауған әскери ведомствосының өкілі қаза тапқан қызметкерлердің АҚШ азаматтары екенін хабарлаған. Олар қолдан жасалған бомба жарылған кезде опат болған.