Ресей бүгіннен бастап Литвадан сүт өнімдерін импорттауға тыйым салды. Ресейлік "Роспотребнадзор" мекемесінің басшысы Геннадий Онищенконың мәлімдеуінше, Мәскеу Литвадан келетін сүт өнімдерінің "сапасына күмәнданып отыр".
Онищенконың сөзіне қарағанда, литвалық өндірушілер тұтынушыны Ресейдің тауар туралы заңнамаларын бұзған. "Бұдан өзге, литвалық кейбір сүт өнімдерінде ашытқы мен ішек таяқшасының бактериялары табылды" дейді Онищенко.
Ресейдің Литвадан келетін сүт өнімдеріне тыйым салынатыны туралы Онищенко қыркүйектің ортасында – екі ел арасында кеденге қатысты дау туындағанда айтқан еді. Литва ол кезде Ресей шекарасында тексерістің тым көптігіне наразылық білдіріп, Еурокомиссияға шағымданған.
Еуропа Одағына (ЕО) төрағалық етіп жатқан Литва келесі айда ЕО саммитін өткізеді. Онда постсоветтік Украина мен Молдова ЕО-мен еркін сауда айналымы туралы келісім жасауға үміттеніп отыр. Саммит қарсаңында Ресей Украина мен Молдоваға да экономикалық қысым көрсетіп отыр.