Дін істер жөніндегі агенттігінің төрағасы болған Қайрат Лама Шариф Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісі болып тағайындалды деп хабарлады президент Назарбаевтың баспасөз қызметі.
Қайрат Лама Шариф бұған дейін сыртқы істер министрлігінде Таяу Шығыс және Африка елдері бойынша қызметтер атқарған. Ол бірқатар араб елдерінде, оның ішінде Сауд Арабиясы, Кувейт және Бахрейнде елші болған.
2011 жылдың маусым айынан бастап дін істері жөніндегі агенттіктің төрағасы қызметін атқарды.
Қайрат Лама Шариф агенттікті басқарған тұста, 2011 жылдың соңында Қазақстанда діни ұйымдарды қайта тіркеу туралы заң қабылданды. Заң талабы бойынша 2012 жылдың соңына дейін Қазақстандағы барлық діни ұйымдар қайта тіркеуден өткен еді.
Халықаралық ұйымдар, кейбір Батыс елдері, қазақстандық құқық қорғаушылар бұл заңның сенім бостандығын шектейтінін ескертті.