Қытайдағы су тасқыны
Қытайдың Чжэцзян провинциясында толастамай жауған жаңбыр су тасқынына ұласты. 9 қазан күні аймақта көлік қатынасы үзіліп қалды. Юяо қаласын су алып, құтқарушылар қарттар мен әйелдерді, балаларды қауіпсіз жерге көшірді. Қала билігі көрші аймақтардан төтенше жағдайда жүре алатын көліктер мен қайықтар, азық-түлік жеткізген. Бұдан бөлек, провинциядағы 23 ауылды су алды. Кейбір жерлерде судың тереңдігі үш метрден асқан. 10 шақты ауылға құтқарушылар жете алмады. Кейбір адамдар есік пен ағаш бұйымдарды қайық етіп, өзін-өзі құтқаруға кіріскен. Апаттан аймақтағы көпірлер құлап, егістіктегі дақылдар жойылды. Электр жарығы өшіп, жота беткейлері опырылып жатыр. Видео Қытайдың CCTV телеарнасынан алынды.