Accessibility links

Генерал-майор Бөлдешовтің ісі сотқа жіберілді


Қазақстан қарулы күштерінің тікұшақтары. Отар полигоны, 7 мамыр 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Қазақстан қарулы күштерінің тікұшақтары. Отар полигоны, 7 мамыр 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Авиация генерал-майоры Асқар Бөлдешовтің үстінен қозғалған іс сотқа жіберілді деп хабарлады Қазақстан бас әскери прокуратурасы. Асқар Бөлдешов Қазақстан әуе қорғаныс күштері бас қолбасшысының орынбасары және қару-жарақ бас басқармасының бастығы болып қызмет істеген.

Бас әскери прокуратураның дерегінше, Асқар Бөлдешовке "қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, RG Trade жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Талғат Жұмахановпен бірлесіп 145 миллион теңгеден аса бюджет қаржысын жымқырған" деген айып тағылған.

Асқар Бөлдешов пен Талғат Жұмахановқа қарсы қозғалған қылмыстық іс Ақмола гарнизонының әскери сотына жіберілген.

Генерал-майор Асқар Бөлдешов биыл сәуір айында "әскери техникаларды жөндеуден өткізу кезіндегі алаяқтық істерге қатысы бар" деген күдікпен тұтқындалып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалған еді.
XS
SM
MD
LG