Ресейдің ғарыш агенттігі - "Роскосмостың" басшысы қызметіне генерал-полковник Олег Остапенко тағайындалды деп хабарлады мекеменің ресми сайты. Олег Остапенко бұған дейін Ресей қорғаныс министрінің орынбасары болған.
Байқоңырдан 2 шілде күні ұшырылған ресейлік "Протон-М" зымыран тасығышы ұшырыла бере апатқа ұшырап, жарылып кеткен еді. Содан кейін Ресей премьер-министр Дмитрий Медведев "Роскосмостың" сол кездегі басшысы Владимир Поповкинге "міндетін дұрыс атқармағаны үшін" сөгіс жариялаған.
Ресейлік зымыран тасығыштың 2 шілдеде апатқа ұшырауы қазақстандық белсенділердің қарсылық акцияларын жиілеткен. Бірақ бұл шаралар «Протон-М»-нің 30 қыркүйекте ұшуына бөгет болған жоқ.