Accessibility links

Мәжіліс салық туралы заң жобасын мақұлдады


Парламент мәжілісі, Астана. Көрнекі сурет.
Парламент мәжілісі, Астана. Көрнекі сурет.
Қазақстан парламенті мәжілісі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасында көлік, тұрғын үй, темекі және алкогольді өнімдерге (оның ішінде әсері күшті алкогольдік өнімдерге) салықты көбейту қарастырылған.

Бұған дейінгі талқылау кезінде кей депутаттар заң жобасының кейбір тұстарына өзгерістер енгізуді ұсынған. Олар "қозғалтқыш көлемі тек 4 мың текше сантиметрден асатын көлік құралдарына салықты көбейтуді", "2014 жылдың 1 қаңтарына дейін сатып алынған, қозғалтқыш көлемі 3 мың текше сантиметрден аспайтын көлік құралдарының салық көлемін бұрынғы күйінше қалдыруды қолдайтынын" айтқан.

Әуелі экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі қозғалтқыш көлемі 3 мың текше сантиметрден асатын көліктердің салығын төрт есе өсіретін заң жобасын ұсынған еді.

Депутаттар бұған қоса үй салығын жаппай көбейтуге де қарсы болып, салықты үйдің бағасына қарай белгілеу қажет екенін айтқан.
XS
SM
MD
LG