Accessibility links

Белградта Титоның жесірі Йованка Броз жерленді


Сербия премьер-министрі Ивица Дачич (сол жақта) Йованка Брозды жерлеу рәсімінде сөйлеп тұр. Белград, 26 қазан 2013 жыл.
Сербия премьер-министрі Ивица Дачич (сол жақта) Йованка Брозды жерлеу рәсімінде сөйлеп тұр. Белград, 26 қазан 2013 жыл.
Югославияның бұрынғы диктаторы Иосип Броз Титоның жесірі Йованка Броз 26 қазанда Белградтағы күйеуінің мавзолейіне әскери сый-құрметпен жерленді.

Жерлеу рәсімінде сөйлеген Сербия премьер-министрі Ивица Дачич марқұмды «біздің бірінші ханымымыз, мақтанышымыз әрі мемлекетіміздің өкілі болды» деп атады.

88 жастағы Йованка Броз 20 қазанда Белградтағы ауруханалардың бірінде жүрегі тоқтап қайтыс болған еді.

Иосип Броз Тито үшінші әйелі Йованка Брозға 1952 жылы үйленді. 1980 жылы күйеуі қайтыс болған соң Йованка Броз жалғыз өмір кешті. Титодан кейін билікке келгендер «төңкеріс жасауды жоспарлады» деген күдікпен Титоның әйелін іс жүзінде үйқамақта ұстады.

2006 жылы тұрмысы ауыр Йованка Брозға Сербия үкіметі көмек ұсынды, 2009 жылы Сербия азаматтығын беріп, зейнетақы тағайындады.
XS
SM
MD
LG