Accessibility links

Ирандағы шеру


Ирандағы шеру
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:59 0:00

Әлденеше жүз адам дүйсенбі күні Тегеранда АҚШ елшілігіне 1979 жылы жасалған шабуылға 34 жыл толғанын атап өтті. Олар бұрынғы елшілік ғимаратына келіп, АҚШ пен Израильге қарсы ұрандар айтты. 1979 жылы 4 қарашада Тегеранда студенттер АҚШ елшілігіне басып кіріп, елшілік қызметкерлерін 444 күн тұтқында ұстаған еді. 1980 жылы екі елдің дипломатиялық байланысы үзілген. 33 жылдан кейін, 2013 жылы 27 қыркүйекте Иран президенті Роухани мен АҚШ президенті Обама телефонмен сөйлесті. Осы жолғы шеру Иранның АҚШ-пен қатынасын жақсартуға тырысып отырған кезіне тұспа-тұс келді. Сарапшылар мұны "Иранның ядролық бағдарламасына қатысты дағдарысты шешуге әсер етеді" десе, Ирандағы консерваторлар Роуханидің АҚШ-пен мәмілеге келіп, Иранға қойылған экономикалық санкцияларды жоюға ұмтылуын сынайды. (Қытайдың CCTV телеарнасы видеосы).

XS
SM
MD
LG