Accessibility links

«Техрик-е-Талибан Пәкістан» тобына жаңа басшы келді


Молда Фазлулланың 2010 жылы видеотаспаға жазылған бейнесі.
Молда Фазлулланың 2010 жылы видеотаспаға жазылған бейнесі.
Пәкістанда «Техрик-е-Талибан Пәкістан» қозғалысына өткен аптада қаза тапқан Хакимулла Мехсудтың орнына басшылыққа молда Фазлулла тағайындалған. Бұл туралы хабарды Азаттық радиосына өзін Талибан өкілі Джафар Курасани деп таныстырған адам растаған.

Фазлулланың қарулы тобы 2007 жылдан бері бақылауда ұстап отырған Пәкістанның солтүстік-батысындағы Сват өзенінің алқабында ер адамдарға сақал қою міндеттелген. Әйелдерге қоғамдық орындарға баруға тыйым салынған. Шариғат заңын бұзған деп айыпталған адамдарға дүре соғу, басын шабу сияқты жазалар қолдану әдетке айналған.

Былтыр пәкістандық 16 жастағы блоггер қыз Малала Юсуфзайға қарсы шабуыл жасауға бұйрықты осы адам берген деген болжам бар. Басынан ауыр жараланған Юсуфзай Ұлыбританияда емделіп, қазір сол елде тұрып жатыр.

Бұған дейін «Техрик-е-Талибан Пәкістан» қозғалысын басқарып келген Хакимулла Мехсудты 1 қарашада Пәкістанның Солтүстік Вазиристан провинциясында АҚШ-тың пилотсыз ұшағы әуеден соққы беріп өлтіргені туралы хабарланған. Сол күннің ертеңінде оның орнына Хан Саид Сажнаның «Техрик-е-Талибан Пәкістан» қозғалысына басшылыққа сайланғаны туралы ақпарат тараған. Бірақ кейін ол ақпаратты Пәкістандағы кейбір қарулы топтардың басшылары жоққа шығарған.
XS
SM
MD
LG