Accessibility links

Филиппиндегі тайфун 100 адамды мерт қылған


«Хайян» тайфунынан үлкен талдар құлап, ғимараттар бүлінді. Филиппин, 8 қараша 2013 жыл.
«Хайян» тайфунынан үлкен талдар құлап, ғимараттар бүлінді. Филиппин, 8 қараша 2013 жыл.
Филиппиндегі «Хайян» тайфуны салдарынан кемінде 100 адам құрбан болған. Бұл туралы үкімет өкілі хабарлаған.

Филиппин азаматтық авиация басқармасы бастығының орынбасары Джон Эндрюстің айтуынша, ұшқыштар әуеден Таклобан портты қаласының көшелерінде мерт болған адамдардың денелерін көргенін хабарлаған. Табиғи апат болған аймақта электр және байланыс желілері үзілгендіктен кейбір елді мекнедерден ақпарат алу мүмкін болмай отырғаны айтылады.

Жұма күні Филиппинге сағатына 300 километрден астам жылдамдықпен жеткен «Хайян» тайфунын мамандар әлемдегі ең сұрапыл дауылға теңеп отыр. Тайфун күшінен теңіз жағалауына жақын маңда биіктігі бес метрлік толқындар пайда болған. Дауыл кейбір жерлерде үйлердің шатырын жұлып әкетіп, жолдарды көшкін басып қалған.
XS
SM
MD
LG