10 қараша екі орыс ғарышкері олимпиада алауын ашық ғарыш кеңістігіне алып шықты. Оларды Ресей телеарналары көрсетті. Онда космонавт Олег Котов отсыз факелді ұстап тұр, екінші ғарышкер Сергей Рязанский тарихи оқиғаны камераға түсірген.
Факелді ғарышқа жеткізген Ресейдің "Союз" зымыраны Қазақстанның Байқоңыр ғарыш айлағынан 7 қараша күні ұшқан.
Ғарышқа жеткен факел қауіпсіздік мақсатында тұтатылмады. Алау Жерге дүйсенбі, 11 қараша күні қайта оралады. Олимпиада алауы 2014 жылы 7 ақпанда Ресейдің Сочи қаласына жеткенше жер бетімен 65 мың километр жүріп өтуі керек.