АҚШ-тың бұрынғы президенті Джон Кеннедидің қызы Кэролайн Кеннеди жұма күні Токиоға барды. Содан екі күн бұрын ол АҚШ-тың Жапониядағы елшісі ретінде Вашингтонда ант берген еді. 55 жастағы заңгер Кэролайн Кеннеди АҚШ-тың Жапониядағы елшісі қызметіне тағайындалған тұңғыш әйел.
Жаңа елші алдағы аптада жапон императоры Акихитоға сенім грамотасын тапсырады.
Кеннеди 2008 жылы өткен АҚШ президенті сайлауында Барак Обаманың кандидатурасына қолдау білдіріп, оның сайлауалды кампаниясына қатысқан.
Кэролайн Кеннедидің әкесі Джон Фицджеральд Кеннеди 1961 жылдың қаңтарынан бастап АҚШ президенті болған. 1961 жылы 22 қарашада ол АҚШ-тың Даллас қаласында жасалған қастандықтан қаза болды.