Сириялық құқық қорғаушылар Дамаскінің маңындағы әскери нысанда жексенбіде болған бомба жарылысынан 31 әскери қызметкер қаза тапқаны туралы хабарлады.
Лондонда орналасқан Syrian Observatory for Human Rights ұйымының дерегі бойынша, Дамаскінің солтүстік-шығысындағы Хараст ауданында жарылыс әскери көлік базасын жермен-жексен еткен. Қаза тапқандар арасында үш генерал мен бір бригада генералы бар деп хабарланды.
Ұйым директоры Рами Абдел Рахман жарылыс үкімет әскері Дамаск түбінде көтерілісшілерге қарсы үлкен операция жүргізіп жатқанда болғанын айтады. Оның сөзіне қарағанда, бомба я базаның ішіне, я оның астымен өтетін туннельге жасырылған болуы мүмкін.
Сирия үкіметі әзірге жарылыс болғанын растаған жоқ.