Accessibility links

Алматыда 11 колледж жұмысы 6 айға тоқтатылды


Алматы қаласының прокуратурасы. (Көрнекі сурет)
Алматы қаласының прокуратурасы. (Көрнекі сурет)
Алматы қаласы Бостандық аудандық прокуратурасы қаладағы техникалық және кәсіптік білім беру орындарына тексеру жүргізіп, 11 колледждің жұмысын алты ай мерзімге тоқтатты.

Прокуратураның ресми сайтында хабарланғандай, оқу орындарындағы білім беру мен олардың лицензияларын тексеру нәтижесінде жекеменшік 11 колледжге жалпы көлемі 2 миллион 800 мың теңгеге жуық айыппұл да салынған.
XS
SM
MD
LG