Accessibility links

Тегеран: Келісім Иран мүддесі тұрғысынан жасалды


Иран сыртқы істер министрі Жавад Зариф парламент алдында сөйлеп тұр. Тегеран, 27 қараша 2013 жыл.
Иран сыртқы істер министрі Жавад Зариф парламент алдында сөйлеп тұр. Тегеран, 27 қараша 2013 жыл.
Иран сыртқы істер министрі Жавад Зариф Иран парламентінде Женевада ядролық бағдарламаға қатысты батыс елдерімен жасалған келісімді егжей-тегжейлі баяндап берді. Зарифтің айтуынша, Тегеранға салынған халықаралық санкцияларды жеңілдететін уақытша келісім "Иранның мемлекеттік мүддесі тұрғысынан" жасалған.

Иранның ISNA агенттігінің хабарлауынша, Зариф бұл келісім "Иран ислам республикасының жауларын алаңдатып, оларды күйзеліске душар етеді" деген.

Сонымен бірге Иран министрі "келісім негізінде Иранның уран байыту құқығы ресми түрде мойындалғаны" туралы айтқан.

АҚШ билік өкілдері бұған дейін ядролық қаруды таратпау туралы келісім "ешкімге ерекше құқық бермейтінін" және оған Иранның да мүше екенін ескерткен еді.

Жавад Зариф Тегеран ядролық бағдарламасы тек бейбіт мақсатты көздейтінін және ядролық қару жасауға ұмтылмайтынын дәлелдеуге барын салатынын айтқан.

24 қарашада Женевада аяқталған келіссөздер нәтижесінде, Иран жағы бес пайыздан көп уран байытуды уақытша тоқтатуға, ал Батыс мемлекеттері ол елге қарсы санкцияны "босаңсыту" туралы келіскен. Бұл келіссөздерге Иран мен "алтылық елдері" - АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция және Германия қатысқан.
XS
SM
MD
LG