Accessibility links

Керри Таяу Шығыс елдері мен Молдоваға барады


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри 3-6 қараша күндері Таяу Шығыс елдері мен Молдоваға бармақ.

Сапар барысында Керри Таяу Шығыстағы бейбітшілік мәселесі мен Молдованың Еуропа одағымен интеграциясына қатысты келіссөздер өткізеді.

Иерусалимде Керри Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен Иранның ядролық бағдарламасына қатысты жасалған келіссөздерді талқылайды. Нетаньяху бұған дейін Женевада Иран мен "алтылық елдері" жасаған келісімді өткір сынға алған еді.

Керри бұған қоса Рамаллаға аялдап, Палестина автономиясының басшысы Махмуд Аббаспен Таяу Шығыс мәселелері бойынша келіссөздер өткізеді.

АҚШ мемлекеттік департаменті өкілі Джен Псакидің айтуынша, Керри сапар барысында Кишиневке барып, Молдова үкіметімен АҚШ-Молдова арасындағы қарым-қатынасты және Еуропамен интеграцияға қатысты мәселелерді талқылайды.
XS
SM
MD
LG