Иран ақпарат құралдары Парсы шығанағы жағалауына жақын, Бушер атом электр станциясы орналасқан Бушер провинциясында магнитудасы 5,7 баллды құрайтын жер сілкінісі болғанын хабарлады. Зілзаладан жеті адам қаза тауып, кемінде 30 адам зардап шеккен.
Жер сілкінісінің ошағы атом электр станциясынан 60 километр қашықтықта орналасқан.
Иран сейсмикалық белсенді аймақта орналасқан. Иранмен шектесетін араб мемлекеттері Бушер АЭС-інің қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылық білдіріп, күшті жер сілкінісі болған жағдайда одан радиация тарауы мүмкін деп қауіптенеді.