Таиланд оппозициясы үкіметті отставкаға кетіру талабынан бас тартпайды. Бұл туралы жексенбі күні премьер-министр Йинглак Чинаватпен кездескенде оппозиция жетекшісі Сутеп Таугсубан мәлімдеген деп хабарлады Assoticated Press.
Сол күні оппозиция елде болып жатқан наразылық шерулерін көрсетпейді деп айыптап, бірқатар жергілікті телеарналардың ғимараттарына кіруге әрекет жасаған.
1 желтоқсанда премьер-министр кеңсесі мен Бангкок полициясы басқармасына басып кірмек болған шерушілерге қарсы қауіпсіздік күштері су және көзден жас ағызатын газ шашқан.
Сенбі күні Бангкокта үкіметті қолдайтындар мен қарсыластары арасында болған қақтығыстар салдарынан үш адам қаза болып, жүзден аса адам жараланғаны туралы хабарланды.
Шеруге шыққандар Йинглак Чинават үкіметін оның ағасы, экс-премьер Таксин Чинават бақылайды деп айыптайды. Қазір шетелде тұратын Таксин Чинаваттың үстінен Таиландта «коррупция» және «қызмет өкілетін теріс пайдаланған» деген айыптар тағылған.