Accessibility links

Француз сарапшылары: Арафат инфекциядан қайтыс болған


Палестина автономиясының бұрынғы жетекшісі Ясир Арафат.
Палестина автономиясының бұрынғы жетекшісі Ясир Арафат.
Ясир Арафаттың өлімін тексеріп жатқан француз сарапшылары "ол уланып қайтыс болмаған" деген қорытынды жасауы мүмкін. France Press агенттігінің хабарлауынша, сараптамаға қатысқан дереккөзі Арафат 2004 жылы "жасы ұлғайған шағында инфекциядан қайтыс болған болуы мүмкін" екенін айтқан.

Бұған дейін Арафаттың денесіне эксгумация жасаған швейцариялық мамандар мәйітте "көп мөлшерде полоний ізі бар" деген болатын. Швейцариялық мамандар зерттеу нәтижесі "Палестина басшысы уланып қайтыс болуы мүмкін деген болжамды қуаттайды" деген. Арафаттың өлімі туралы ресми құжатта оның "қан айналымы қызметінің бұзылуынан дүние салғаны" жазылған.

Ясир Арафаттың өліміне Тель-Авивтің қатысы болуы мүмкін деген болжамдар шыға бастаған соң былтыр оның зиратын ашып, зерттеу жасау үшін сүйегінен сынамалар алынған еді.

Израиль сыртқы істер министрлігінің өкілі France Press агенттігіне француз сарапшыларының қорытындысы "жаңалық емес" деген.

Арафаттың жесірінің адвокаты мәйітке қосымша сараптама жасататындарын айтады.
XS
SM
MD
LG