АҚШ үкіметі Сирияда президент Башар Асад билігіне қарсы соғысып жатқан исламшыл топтар туралы тереңірек білуге ұмтылып отыр.
АҚШ қорғаныс министрлігі штаб басшыларының біріккен комитетінің төрағасы, генерал Мартин Демпсидің айтуынша, Вашингтон билікпен күресіп жүрген сүнниттік топтардың ниетін, радикалдық деңгейін және олардың ымыраға келу жағын зерттеп жатыр. Бірақ ол АҚШ-тың "Әл-Қаидамен" байланысы бар делінген кейбір топтармен тіке кездесу өткізгені, я өткізбегені туралы ештеңе айтпады.
АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Мари Харф бұған дейін Вашингтон Сириядағы қақтығысты саяси жолмен шешу жолын қарастырып, сириялық исламшыл топтармен байланысқанын мәлімдеген еді. Бірақ ол АҚШ террористік ұйымдар тізіміне енген "Әл-Нусра" сияқты топтармен байланыс орнатуға тырыспағанын айтады.