Accessibility links

АҚШ: Қытайдың әрекеті аймаққа "қауіп төндіреді"


АҚШ вице-президенті Джо Байден (сол жақта) Қытай президенті Си Цзиньпинмен кездесуде. Пекин, 4 желтоқсан 2013 жыл.
АҚШ вице-президенті Джо Байден (сол жақта) Қытай президенті Си Цзиньпинмен кездесуде. Пекин, 4 желтоқсан 2013 жыл.
Бүгін АҚШ вице-президенті Джо Байден Қытайдың Шығыс Қытай теңізінде құрған жаңа әуе қорғаныс аумағы бұл аймақта "үлкен қауіп төндіретінін" мәлімдеді.

Байденнің айтуынша, ол кеше Пекинде Қытай президенті Си Цзиньпинмен кездесуінде әуе қорғанысы аумағына Вашингтонның түбегейлі қарсы екенін жеткізген.

Қытай сыртқы істер министрлігі Байденге әуе қорғанысы аумағы "халықаралық заңдарға сай құрылғанын және АҚШ оны құрметтеуі тиіс екенін" айтқан.

Қытай 23 қарашада Шығыс Қытай теңізінде жаңа әуе қорғанысы аумағын құрып, одан өтетін ұшақтарға ұшу жоспары, қай елге тиесілі екендігі туралы ақпараттарды беруді және қытайлық диспетчерлермен үнемі байланыста болу туралы талап қойған. Талап орындалмаған жағдайда Қытай "төтенше қорғаныс шараларын" қолданатынын ескерткен.

Жаңа аумаққа Қытай, Жапония және Тайвань арасындағы даулы арал және Оңтүстік Корея өз аумағы санайтын, жартылай теңіз шайып жатқан таулы-жартасты аумақ та кіреді. Әуе қорғанысы аумағы құрылғалы бері АҚШ, Жапония және Оңтүстік Кореяның әскери ұшақтары оның үстінен бірнеше рет ескертусіз ұшып өткен еді.
XS
SM
MD
LG