Таиланд премьер-министрі Ийнглак Чинават бүгін парламентті таратып, мерзімінен бұрын өтетін парламент сайлауын белгіледі. Елде мыңдаған адам Ийнглак Чинават үкіметін оның ағасы, экс-премьер Таксин Чинават бақылайды деп айыптап, бірнеше аптадан бері үкіметтің отставкаға кетуін талап етіп, наразылық акцияларын өткізіп келеді.
Кеше Таиландтағы негізгі оппозициялық күш – Таиланд демократиялық партиясы Ийнглак Чинават саясатына наразылық ретінде парламенттегі өкілдерін кері шақырып алатынын мәлімдеген. Оппозициялық партия мүшелері наразылық танытып жатқандарға қосылмақ ниетте.
Йинглак Чинават жексенбіде елдегі саяси дағдарыстан шығу үшін референдум өткізу туралы ұсыныс жасаған еді. Егер көпшілік парламентті таратып, үкіметті отставкаға жіберуді қолдап дауыс берсе, ондай шешімге мойынсұнуға дайын екенін мәлімдеген.
Таиландта үкіметке қарсы толқулар басталғалы бері кемінде бес адам қаза тауып, 300-дей адам жараланды.
Қазір шетелде тұратын Таксин Чинаваттың үстінен Таиландта «коррупциялық әрекеттер жасаған» және «қызмет өкілетін теріс пайдаланған» деген айыптар тағылып, іс қозғалған.