Accessibility links

Иран: АҚШ-тың жаңа санкциясы келісімді бұзады


Иран сыртқы істер министрі Жавад Зариф.
Иран сыртқы істер министрі Жавад Зариф.
Иран сыртқы істер министрлігі АҚШ конгресі Иранға қарсы жаңа санкциялар енгізген жағдайда Тегеран мен әлемдік державалар арасындағы келісім іске аспай қалатынын ескертті.

АҚШ-тың "Time" журналына берген сұхбатында Иран сыртқы істер министрі Жавад Зариф "егер АҚШ конгресі жаңа санкция салып, ол алты ай ішінде күшіне енбесе де келісім орындалмайтынын" айтып, Тегеранның "мәжбүрлі түрде келісімге бармайтынын" мәлімдеді.

24 қарашада Женевада аяқталған келіссөздер нәтижесінде, Иран жағы бес пайыздан көп уран байытуды алты айға уақытша тоқтатуға, ал Батыс мемлекеттері ол елге қарсы санкцияны "босаңсытуға" келіскен. Бұл келіссөздерге Иран мен "алтылық елдері" - АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция және Германия қатысқан.

Бірақ келісімнен кейін де АҚШ сенатындағы бірқатар саясаткерлер Тегеран келісімді бұзған жағдайда алты айдан кейін күшіне енетін жаңа санкциялар салуға шақырған еді. Ақ үй конгресті Иранға қарсы жаңа санкциялар салмай қоя тұрып, келісімнің іске асуына мүмкіндік беруге шақырған.
XS
SM
MD
LG