Accessibility links

АҚШ конгресі бюджет жобасын мақұлдады


АҚШ конгресі жиналатын Капитолий сарайы, Вашингтон. (Көрнекі сурет)
АҚШ конгресі жиналатын Капитолий сарайы, Вашингтон. (Көрнекі сурет)
АҚШ конгресінің өкілдер палатасы 12 желтоқсанда мемлекеттік бюджеттің екі жылға арналған келісілген жобасын мақұлдады. Жобаға өкілдер палатасының 332 мүшесі қолдап, 94-і қарсы дауыс берді.

Жоба қабылданған соң мемлекеттік мекемелердің шығынын азайтудан (секвестр) түскен 65 миллиард АҚШ доллары болатын бюджет қаржысы қайта қалпына келтірілмек. Ол қаржы Пентагон бюджетін толықтыруға, медициналық зерттеулерге, мектептерге көмек көрсетуге, Федералдық тергеу бюросы (немесе ФБР) мен шекара қызметкерлерінің жалақысын көбейтуге жұмсалады.

Жобаға қарсы дауыс берген демократтар онда ұзақ уақыт жұмыссыз жүргендерге әлеуметтік төлемді ұзарту қарастырылмағанына наразы. Бірақ оларға қарсы республикашылдар жоба бюджет тапшылығын аз ғана мерзімге өсіргенімен, болжам бойынша алдағы ондаған жылдар бойына бюджет тапшылығы 23 милилард АҚШ долларына дейін азаяды дейді.

Келісілген бюджет жобасы толықтай қабылдану үшін енді сенаторлардың 60 пайызы оны қолдауы тиіс. Конгресстің бюджетке қатысты барлық құжаттарды келісіп алуына әлі 15 қаңтарға дейін уақыт бар.

Қазан айында конгресс бюджет жобасына қатысты келісе алмай, үкіметтік мекемелер бірнеше күнге жабылып қалып, АҚШ дефолтқа ұрына жаздаған еді.
XS
SM
MD
LG