БҰҰ инспекторлары жаңа есебін жариялап, Сириядағы қақтығыстарда "бес мәрте химиялық қару қолданылған" деген қорытынды жасады. Бірақ инспекторлар химиялық қаруды үкімет күштері, я оппозициялық топтардың қайсысы қолданғанын айтпады.
12 желтоқсанда жарияланған есепте биыл наурыз бен тамыз айлары аралығында Алеппо провинциясының Хан әл Ассал ауданында, Идлиб провинциясының Серакиб ауданында, Дамаскінің Джобар, Ашрафия Сахная және Гута аудандарында химиялық қару қолданылған деп тұжырым жасайды.
БҰҰ инспекторларының басшысы Аке Селлстромның айтуынша, олар тағы екі жерде химиялық қару қолданылғаны туралы ақпаратты анықтай алмаған.
21 тамызда Дамаск маңындағы Гута ауданында бейбіт тұрғындарға қарсы зарин газы қолданылғаны туралы БҰҰ қыркүйектің 16-сы күні жария еткен еді. Газ шабуылынан жүздеген адам қаза тапқан. Бұдан соң АҚШ пен Ресей келісімі негізінде БҰҰ қарар қабылдаған. Ол бойынша Сирияның химиялық қару-жарағы 2014 жылдың ортасына дейін жойылуы тиіс.