Accessibility links

Ауған босқындары Бішкекте пикет өткізді


Бішкек қаласы. (Көрнекі сурет)
Бішкек қаласы. (Көрнекі сурет)
Дүйсенбіде ауғанстандық бірнеше босқын БҰҰ Бішкектегі өкілдігі кеңсесінің алдында пикет өткізді. Олар қырғыз азаматтығын алу рәсімін жеңілдету туралы талап қойып отыр.

Пикетшілер талабын тыңдаған ұйым өкілі Қиялбек Темишов мұндай мәселелерді шешу БҰҰ-ның емес, Қырғызстанның арнайы мемлекеттік комиссиясының құзырында екенін айтқан. Ұйым өкілдерінің сөзінше, ауғанстандық босқындар өз мақсаттарына жеткенше наразылық акциясын жалғастыра беретіндерін мәлімдеген.

БҰҰ агенттігінің деректері бойынша, соңғы 15 жылда он мыңға жуық адам Қырғызстанға баспана іздеп келген. Олардың 80 пайызы - Ауғанстаннан келгендер.

1996 жылдан бері 96 ауғанстандық босқын Қырғызстан азаматтығын алған.
XS
SM
MD
LG