Accessibility links

Сербия ЕО-ға кіру келіссөзін қаңтарда бастайды


Сербия премьер-министрі Ивица Дачич (сол жақта) пен Еуропа одағы сыртқы саясат жөніндегі комиссары Кэтрин Эштон (ортада) және Косово премьер-министір Хашим Тачи. Брюсель, 13 желтоқсан 2013 жыл.
Сербия премьер-министрі Ивица Дачич (сол жақта) пен Еуропа одағы сыртқы саясат жөніндегі комиссары Кэтрин Эштон (ортада) және Косово премьер-министір Хашим Тачи. Брюсель, 13 желтоқсан 2013 жыл.
Сербия келесі жылдың қаңтарынан бастап Еуропа одағына (ЕО) кіру жайындағы келіссөздерін бастайды. Еуроодақтың сыртқы кеңею істері бойынша комиссары Штефан Фюленің Twitter-дегі жазбасына қарағанда, Еуроодақ министрлері Сербияда жүргізіліп жатқан реформалар мен аймақтағы жағдайды тұрақтандыру процесін оң бағалаған. Оның мәлімдемесіне қарағанда, Еуроодаққа мүше елдердің сыртқы істер министрлері Брюссельде өткен кездесулерінде келіссөздерге қатысты талқылауларды 21 қаңтарда бастауды ұйғарған.

Биыл маусымда Еуроодақ елдерінің басшылары Сербияның Косовомен қарым-қатынасын жақсарту үшін Белградпен мемлекетаралық алғашқы кездесулерді 2014 жылдың қаңтарынан кешіктірмей бастауға шақырған еді. Өткен аптада Сербия Косовомен бұл елдің солтүстік бөлігінің құқықтық мәртебесіне қатысты бір келісімге келе алмауына байланысты келіссөздерді кейінге қалдыру туралы ұсыныстар айтылған.

Еуроодаққа мүше көптеген мемлекеттер Сербиямен келіссөздерді желтоқсаннан бастап-ақ жүргізе беруге үміттенген еді. Бірақ оған Германия қарсы болған.
XS
SM
MD
LG