Михаил Ходорковский анасының бір мезет шетелге емделуге шығуы түрмеде отырған өзіне президент Владимир Путиннің рақымшылық беру туралы шешім қабылдауына елеулі түрде ықпал етуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.
Бұл туралы Ходорковский New Times журналының бас редакторы Евгения Альбацқа берген сұхбатында мәлімдеген. Бизнесмен егер анасы шетелде емес, Мәскеуде болғанда өзін түрмеден шығару туралы шешім қабылдау Ресей президентіне қиынға соғатын еді деп санайды. Сонымен бірге ол Берлинге ұшып кетуге жалғыз рет мүмкіндік берілгенін де түсінгенін айтады.
– Ал егер мен (Ресейге) қайтып оралсам, екінші рет мені елден шығармай қоюлары мүмкін, өйткені оған сылтау жетерлік, - деді Ходорковский.
Ресейлік «Дождь» телеарнасының жүргізушісі Ксения Собчакқа берген сұхбатында Ходорковский өзіне рақымшылық жарияланғаны туралы теледидардан естіп білгенін айтты.
Бүгін ол Астана уақытымен сағат 18.00-де, «қырғи-қабақ соғысы» кезінде Берлинді екіге бөліп тұрған әйгілі «Берлин қабырғасы» орнындағы музейде БАҚ өкілдеріне алғашқы баспасөз мәслихатын өткізбекші.
Кеше Ходорковский Берлинге ұшып келген ата-анасы және үлкен ұлымен он жылдан соң қауышты.
Жұма күні Карелия өлкесіндегі түрмеден босап шыққан Ходорковский Берлинге келіп, Бранденбург қақпасы жанындағы «Адлон» қонақүйіне түскен еді. Бостандыққа шыққан соң жасаған алғашқы мәлімдемесінде ол «отбасылық жағдайға байланысты» рақымшылық жасау туралы президент Путинге қарашаның 12-і күні өтініш бергенін, бірақ онда «айыбын мойындау туралы мәселе болмағанын» айтқан.
Биыл 50 жасқа толған Михаил Ходорковский 2003 жылы тұтқындалғанға дейін Ресейдегі ең ірі ЮКОС мұнай компаниясын басқарған. 2005 жылы «салық төлеуден жалтарды» деген айыппен ұзақ мерзімге сотталған Ходорковскийге 2010 жылы «табысын жасырды» деген айыппен екінші мәрте жаза кесілген. Ол өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, саяси астары бар деп санап келген. Оның түрме жазасы 2014 жылдың тамызында аяқталуы тиіс еді.