Accessibility links

Каримованың Швейцариядағы үйін диссиденттер басып алды


Гүлнара Каримованың Женевадағы үйі. Швейцария, 23 желтоқсан 2013 жыл.
Гүлнара Каримованың Женевадағы үйі. Швейцария, 23 желтоқсан 2013 жыл.
Швейцарияда бір топ өзбек диссиденті Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнара Каримованың Женевадағы үйін басып алды. Өзбек диссиденті Сафар Бекжонның Азаттықтың Өзбек қызметіне өзі және тағы төрт диссидент Каримованың үйін кеше басып алғанын айтады. Оның сөзінше, диссиденттердің мақсаты - ешкім тұрып жатпаған, бос тұрған үйге көп шығын жұмсалып жатқанына көпшіліктің назарын аударту.

Швейцария басылымдарының хабарлауынша, Каримова үйді 2009 жылы 18 миллион АҚШ долларына сатып алған. Диссидент Бекжон кеше үйге полиция келгенін, бірақ өздерін шығаруға әрекет қылмағанын айтады. Швейцария заңдары бойынша диссиденттер үйден сот шешімі бойынша ғана күшпен шығарылады.

Өзбек диссиденттері үйдің сыртына "Бұл вилла өзбек диктаторы Каримовтың қызынікі" деген жазуы бар плакат ілінген.

Сафар Бекжон виллада қанша уақыт болатындарын айтқан жоқ.

Әкесімен араз екені әшкере болған Гүлнара Каримова бұған дейін Twitter-дегі парақшасында жақын адамдарының тұтқындалып, оларға қарасты медиахолдинг қаржы алаяқтығына қатысты тексеріліп жатқанын хабарлаған еді.
XS
SM
MD
LG