Accessibility links

Митрополит: Софронийдің паналау орны жабылмайды


Алматы облысы Түймебаев ауылындағы Софроний әкей ашқан қарттар үйі.
Алматы облысы Түймебаев ауылындағы Софроний әкей ашқан қарттар үйі.
Жұртқа "Софроний әкей" деген атпен танымал Петр Евтухеевтің Алматы түбіндегі қарттар мен балалар паналайтын тұрағы жабылмайтын болды. Бұл туралы бүгін Астана және Алматы митрополиті Александр Алматыда өткен баспасөз жиынында хабарлады.

Желтоқсанның ортасында Алматы облысындағы Свято-Сергиевский ғибадатханасының игумені Софроний Ресейдегі епархиялардың біріне жұмысқа ауысып кеткен еді. Оған дейін Софронийдің діни жұмысы мен мұқтаж адамдарға қамқорлық жасау қызметі дауға ұшырап, соңғы бір жылда игуменнің жеке өзіне және ол басқаратын балалар мен қарттар паналайтын орынға қарсы талап арыздар бойынша бірнеше рет сот өткен.

Митрополиттің айтуынша, Қазақстандағы православие шіркеуі балалар паналайтын тұрақты бұдан ары дамытуға күш салады. Балаларды паналату тұрағының жаңа басшысы болып Евгений Бобылев жұмысқа кіріскен. "Ешкім ондағы балаларды ешқайда әкетпейді және қарттарды ешкім қуып шықпайды" деді митрополит Александр.
XS
SM
MD
LG