Accessibility links

БҰҰ Сириядағы құрбандар санын есептеуді тоқтатады


БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссарының өкілі Руперт Колвиль.
БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссарының өкілі Руперт Колвиль.
БҰҰ Сириядағы қақтығыстарда қаза тапқандар санын есептеуді тоқтататынын хабарлады. Оған себеп - ұйым қаза тапқандар туралы ақпарат көздерін бұдан ары тексерумен айналыса алмайды. БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссарының өкілі Руперт Колвиль ұйым сарапшылары соғыс болып жатқан аймақтарға бара алмайтынын және үшінші жақ берген мәліметтерді анықтай алмайтынын айтады.

Өткен жылдың шілде айында БҰҰ 100 мың адамның қаза тапқанын хабарлаған еді. Ұйымның құрбан болғандар туралы тізіміне аты-жөні мен туған жылдары белгілі адамдар ғана кіргізілген.

Лондонда орналасқан Syrian Observatory for Human Rights құқық қорғау ұйымының дерегінше, 2011 жылы наурызда Сирияда қақтығыстар басталғалы бері 130 мыңнан астам адам қаза болған. Бірақ БҰҰ өкілі Руперт Колвиль бұл санды растай алмады.
XS
SM
MD
LG