Accessibility links

АҚШ-тағы аяз

АҚШ-та "Поляр құйыны" деп аталатын бораннан кейін соңғы жиырма жылда болмаған аяз түсті. Миннесота штатының бірнеше қаласында ұйтқи соққан бораннан ауа температурасы Цельсий бағаны бойынша минус 50 градусқа дейін суытты.

Қатты аяздан кейбір штаттарда мектептер мен басқа да мекемелер жабылып, көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Синоптиктердің хабарлауынша, "Поляр құйыны" елдің шығысына қарай ауып барады. Ол таяу күндері Огайо, Пенсильвания, Нью-Джерси, Джорджио және Алабама штаттарына, Нью-Йорк қаласына жетеді.

XS
SM
MD
LG