Accessibility links

Украинада Лениннің тағы бір ескерткіші бүлінді


Лениннің ескерткішін қиратушылар. Киев, 8 желтоқсан 2013 жыл.
Лениннің ескерткішін қиратушылар. Киев, 8 желтоқсан 2013 жыл.
Украинаның Полтава облысы Машевка ауылындағы Лениннің ескерткішін белгісіз біреулер бүлдіріп, басын қиратты деп хабарлады «Интерфакс» агенттігі.

Соңғы кездері Украинада Ленин ескерткіштеріне шабуыл жасау жиілеп кетті.
2013 жылы желтоқсанның 8-і күні Киевте үкіметтің отставкаға кетуін талап етіп жиналған жүздеген мың адам Ленин ескерткішін құлатқан.

Сол күні Одесса облысы Котовск қаласындағы Ленин ескерткіші қиратылған.

Былтыр 11 желтоқсанда Лениннің Кировград облысындағы ескерткішінің қолын сындырған.

Биыл қаңтар айының басында Житомир облысы Бердичев қаласындағы мектеп ауласында тұрған Ленин ескерткіші түгел бүлдірілген.
XS
SM
MD
LG