Accessibility links

Ливияда министр орынбасарын атып кетті


Ливиядағы қақтығыстардың бірінде қаза тапқан адамды жерлеу рәсімі. (Көрнекі сурет)
Ливиядағы қақтығыстардың бірінде қаза тапқан адамды жерлеу рәсімі. (Көрнекі сурет)
Ливия уақытша үкіметінің жоғары лауазымды шенеунігі Хасан әл-Друиді 11 қаңтар күні Сирт қаласында белгісіз біреулер атып өлтіріп кетті.

Хасан әл-Друи - Муаммар Каддафи режимі құлағаннан кейін елді уақытша басқару үшін құрылған Ұлттық кеңестің бұрынғы мүшесі.

Ол өнеркәсіп министрі орынбасары қызметін атқарып жүрген. Каддафи режимі құлағалы бері Ливияда қақтығыстар толастамай тұр. Соның ішінде әскербасылар мен үкімет мүшелеріне де қастандықтар жасалып келеді.
XS
SM
MD
LG