Accessibility links

"Нұр-Медиа" холдингінің басшысы ауысты


"Нұр-Медиа" холдингінің жаңа басшысы Болат Берсебаев.
"Нұр-Медиа" холдингінің жаңа басшысы Болат Берсебаев.
Мемлекетке қарасты "Нұр-Медиа" холдингінің басшысы болып Болат Берсебаев тағайындалды. Ресми ақпарат құралдарының хабарлауынша, холдингтің бұрынғы басшысы Ерлан Байжанов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылған.

Болат Берсебаев бұған дейін президент әкімшілігінде, "Нұр Отан" партиясында түрлі қызметтер атқарған.

"Нұр-Медиа" холдингіне "Астана" телеарнасы, NS және "Деловая волна" радиолары, "Дала мен Қала", "Түркістан", "Айқын", "Литер", "Страна и мир" газеттері кіреді.

Өткен жылдың соңында "Дала мен Қала" газетінің жабылатыны хабарланған еді.
XS
SM
MD
LG