Accessibility links

АҚШ экономикасы еркін ондықтан шығып қалды


Heritage Foundation ұйымының 2013 жылға арналған экономикалық еркіндік индексінен скрин-шот. Көрнекі сурет.
Heritage Foundation ұйымының 2013 жылға арналған экономикалық еркіндік индексінен скрин-шот. Көрнекі сурет.
Heritage Foundation ұйымы жариялаған 2014 жылға арналған экономикалық еркіндік индескінде АҚШ экономикасы еркін он елдің қатарынан шығып қалды.

Вашингтонда орналасқан стратегиялық зерттеу институтының индексінде биыл әлемдегі экономикасы "еркін" он елдің тізімін Гонконг бастап тұр. Одан кейінгі орындарда Сингапур, Автралия, Швейцария, Жаңа Зеландия, Канада, Чили, Мавритания, Ирландия және Дания тұр. АҚШ тізімде 12 орын иеленген.

Ұйым Қазақстанды экономикасы" орташа еркін" елдер қатарына қосып, 67 орынға қойған. Қазақстан Азия және Тынық мұхиты аймағы елдері арасынан экономикалық еркіндігі жағынан 11 орында тұр. Қазақстанның экономикалық еркіндігі жөніндегі биылғы көрсеткіші өткен жылғыдан 0,7 баллға жоғары.

Экономикалық еркіндік индексі бизнестегі еркіндік, жұмыс еркіндігі, қаржы-несие, сауда және инвестиция еркіндіктерінің көрсеткіші бойынша анықталады.
XS
SM
MD
LG