Бүгін, 20 қаңтарда Иран мен әлемдік державалардың Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты жасасқан уақытша келісімі күшіне енеді. Иранның АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция және Германиямен келісімі өткен жылдың қараша айында Женевада жасалған еді. Оның қашан іске асатыны 13 қаңтарда мәлім болған.
Келісім бойынша, Иран уранды байыту бағдарламасын азайтуға, ал халықаралық қауымдастық Тегеранға салынған санкцияларды жұмсартуға міндеттеме алған.
19 қаңтарда Иранның ядролық бағдарламалар департаментінің өкілі уран байытуды шектеу байытылған уран қорын азайту жұмыстарын "ең маңызды міндеттердің бірі" деп атаған.
Келісім бойынша қазіргі күні Тегеранға барған халықаралық сарапшылар ядролық нысандарды аралауға рұқсатты күтіп жатыр.
Уақытша келісім алты айдан соң аяқталады. Бұл алты ай ішінде Иран мен алты ел бұдан да ірі келісім жасасу мақсатында келіссөздерді қайта жалғастырады.
АҚШ және бірқатар батыс елдері бұған дейін Иранды ядролық қару жасауға ұмтылып жатыр деп қауіптенген. Иранға уран байытудан бас тартқызу үшін бірқатар санкциялар да салынған.
Бірақ Иран ядролық қару жасау ниеті барын жоққа шығарып келеді.