Accessibility links

Киев: қарсылық үдей түсті


Киев: қарсылық үдей түсті
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:49 0:00

Киевте үкіметке наразылар мен милиция арасында қақтығыстарда екі жақтан да ондаған адам зардап шекті. Бейнематериалдарда қарсылық танытушылардың милицияға жанармай құйылған шөлмектер лақтырып, көшеге төселген тасты теріп жатқаны көрсетілген. Милицияның «Беркут» арнайы жасағын таситын автокөліктері өртенген. Аязды күні милиция көшеде қарсылық танытушыларға суық су мен газ шашып, жарық-дыбыс гранаталарын қолданды. Оппозициялық «УДАР» партиясының жетекшісі Виталий Кличконың айтуынша, жексенбінің кешінде онымен кездескен президент Виктор Янукович елдегі дағдарысты жағдайды шешу үшін дүйсенбі күні арнайы жұмысшы тобын құруға уәде берген. Янукович биліктің рұқсатсынсыз қоғамдық жерлерде көпшілік шараларын өткізуге тыйым салатын заңға қол қойғаннан кейін қайта күшейген жаппай наразылық акциялары жексенбі күні шырқау шегіне жетіп, полиция мен шерушілер арасында жаңа қақтығыстарға ұласқан еді.

XS
SM
MD
LG