Accessibility links

Пәкістанда әскери орталықта жарылыс болды


Пәкістан картасы. (Көрнекі сурет)
Пәкістан картасы. (Көрнекі сурет)
Бүгін таңертең Пәкістанның Равалпинди қаласында жарылыс болды. Полицияның хабарлауынша, жарылыстан 4 адам қаза тауып, 15 адам жараланған. Полиция жарылысты жанкешті жасаған деген ақпаратты анықтап жатыр.

Равалпинди Пәкістан астанасы Исламбадқа жақын орналасқан әрі елдің әскери орталығы саналады. Жарылыс қаланың әскери нысандар көп шоғырланған ауданында болды.

19 қаңтарда Пәкістанның солтүстік-батысында әскери көліктер керуеніне шабуыл жасалып, 20 сарбаз қаза тапқан еді. Шабуылды пәкістандық Талибан ұйымы мойнына алған.
XS
SM
MD
LG