Accessibility links

Киевтегі қақтығыста екі журналист зардап шекті


Киев: қарсылық үдей түсті
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:49 0:00

ВИДЕО: Киевтегі қақтығыстар. 19 қаңтар 2014 жыл.

Киевте "Динамо" стадионының жанында журналистер жиналып тұрған жерге пиротехникалық граната тиіп, екі журналист зардап шекті.

"Интерфакс-Украина" агенттігінің хабарлауынша, 19 қаңтарда болған оқиғадан бір журналист бетінен жарақаттанған. Ал екінші журналисті дәрігерлер қарап жатыр.

Граната үкіметке наразылық танытушылар стадионның кіреберісіне қойылған өртенген автобусты арқанмен сүйреп шығармақ болғанда жарылған. Милиция демонстранттарға жауап ретінде пиротехникалық және көзден жас ағызатын гранаталар лақтырған.

Киевтегі үкіметке қарсы наразылық шаралары әлі жалғасып жатыр. 19 қаңтар, жексенбіде елде жиын өткізуді шектейтін заңның қабылдануына наразылық танытып жиналған мыңдаған демонстрант полициямен қақтығысқан еді.
XS
SM
MD
LG