Accessibility links

Сербияның ЕО-ға қосылу келіссөзі басталды


Сербия премьер-министрі Ивица Дачич (сол жақта) пен Еуропа комиссиясының президенті Жозе Мануэль Баррозу. Брюссель, 21 қаңтар 2014 жыл.
Сербия премьер-министрі Ивица Дачич (сол жақта) пен Еуропа комиссиясының президенті Жозе Мануэль Баррозу. Брюссель, 21 қаңтар 2014 жыл.
Бүгін Брюссельде Сербияның Еуропа Одағына (ЕО) кіруіне қатысты келіссөздер басталды. Алғашқы кезеңде келіссөз негізінен символды түрде өтеді. Одаққа кірудің нақты мәселелері кейінірек талқыланады.

Сербияның Еуропа Одағына қосылу туралы келіссөздерді бастау мүмкіндігі өткен жылы одақ мүшелерінің Сербия мен Косово арасындағы қарым-қатынасы жақсара бастаған соң Белградқа қойылатын талаптарды жұмсарту шешімінен кейін ашылған.

Келіссөздерде ЕО атынан Грекия сыртқы істер министрі Евангелос Венизелос пен ЕО сыртқы кеңею істері жөніндегі комиссары Штефан Фюле қатысып жатыр. Сербия делегациясын премьер-министр Ивица Дачич бастап барған.

2013 жылы Еуропа одағына Хорватия қосылған. Бұл елдің одаққа қосылуы туралы келіссөздер сегіз жылға созылған.
XS
SM
MD
LG