Accessibility links

Ресей биыл да жиырма шақты зымыран ұшырмақ


"Протон-М" зымыран тасығышы Байқоңырдан ұшқалы тұр. 30 қыркүйек 2013 жыл.
"Протон-М" зымыран тасығышы Байқоңырдан ұшқалы тұр. 30 қыркүйек 2013 жыл.

«Роскосмос» Байқоңырдың «әлемдегі ең көп зымыран ұшырылатын ғарыш айлағы деген атағын 2013 жылы да қорғап қалғанын» айтады.

«Роскосмостың» хабарлауынша, Байқоңыр ғарыш айлағынан 2013 жылы 23 зымыран тасығыш («Протон» – 10 рет, «Союз» – 11 рет, «Зенит» – 1 рет, «Стрела» – 1 рет) ұшырылған.

Ресей 2014 жылы Байқоңырдан тағы жиырма шақты зымыран тасығыш ұшыруды жоспарлап отыр.

«Интерфакс» агенттігінің жазуынша, Байқоңырдан 2014 жылы «Протон» жеті спутник (арасында «ҚазСат-3» те бар), кемінде алты шетелдік телекоммуникациялық жер серігін алып ұшады. Ал «Союз» сегіз рет, «Зенит» бірнеше рет ұшады. 2013 жылы ұшпай қалған «Стрела» зымыран тасығышы да 2014 жылдың ақпан айында Байқоңырдан ғарышқа аттанады.

2013 жылғы шілденің 2-сінде ресейлік үш «Глонасс» спутнигі тиелген «Протон-
"Протон-М"-нің апатқа ұшыраған сәті. 2 шілде 2013 жыл.
"Протон-М"-нің апатқа ұшыраған сәті. 2 шілде 2013 жыл.
М» зымыран тасығышы Байқоңырдан ұша бере апатқа ұшырап, жарылып кеткен еді.

Апат орнындағы зиянды заттардың шектік концентрациясы туралы екі елдің ақпараты екі түрлі болған. Қазақстандық мамандардың бағалауынша ол 660-тан 330-ға дейін, ал ресейлік мамандардың есептеуінше 130-дан 10-ға дейін төмендеген.

Апаттан кейінгі айларда қазақстандық белсенділер Ресейдің Байқоңырдан гептил қолданатын зымырандар ұшырмауын талап еткен бірнеше акция өткізді. «Роскосмос» зымыран ұшыруға қарсы шаралар өтіп жатқан кезде, 2013 жылы 30 қыркүйекте Байқоңырдан тағы бір «Протон-М» зымыран тасығышын ұшырды. Ресей былтыр бұдан кейін де бірнеше «Протон-М» ұшырған.

Қазақстанда Байқоңырдан ұшатын ресейлік зымырандарға қарсы наразылық шаралары 2014 жылдың қаңтарында да жалғасып, бір адамдық наразылық акцияларына ұласты.

Ресей Қазақстанға тиесілі Байқоңырды 1994 жылдан бастап жалдап, жылына 115 миллион доллар төлеп, 2050 жылға дейін толық пайдалануға рұқсат алған. Соңғы кездері екі ел Байқоңырға байланысты бірнеше рет келіспей қалып, қосымша келіссөздер өткізген. 2013 жылы қаңтар айында Қазақстан үкіметі «биыл Ресейдің пайда табу мақсатында ұшыратын «Протон-М» зымырандарын азайтамыз» деп мәлімдеген еді. Ресей 2013 жылы ғарышқа 17 зымыран ұшыруды жоспарлағанын, ал Қазақстан солардың 12-сіне ғана рұқсат беретінін айтқан.
XS
SM
MD
LG