Accessibility links

Ресей: "Әл-Қаидаға" байланысты күдіктіні ұстадық


ФСБ қызметкері. Мәскеу. (Көрнекі сурет)
ФСБ қызметкері. Мәскеу. (Көрнекі сурет)
Мәскеуде "Әл-Қаида" ұйымының египеттік күдікті мүшесі ұсталды деп хабарлады Ресей федералдық миграция қызметінің Мәскеудегі басқармасының басшысы Ольга Кириллова. Оның айтуынша, ұсталған адам өткен жылы Ресейге өзіне саяси баспана беру туралы өтініш жасаған.

"Шетелдіктің жеке бас мәліметтерін тексеру кезінде ол "Әл-Қаиданың" Египеттегі бөлімшесінің күдікті мүшесі екені анықталып, дереу тұтқындалды" деген Кириллова египеттіктің аты-жөнін де, ол туралы егжей-тегжейлі мәлімет те айтпады.

Қазір ұсталған күдіктіні Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) тексеріп жатыр.

Ресей билігі Сочи олимпиадасы қарсаңында елдегі қауіпсіздік шараларын күшейтуге тырысып жатыр.
XS
SM
MD
LG