Accessibility links

АҚШ-тағы өлім жазасы


АҚШ-тағы өлім жазасы
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:58 0:00

Техас штатында 1994 жылы полиция офицерін өлтіргені үшін өлім жазасына кесілген қылмыскерге сот үкімі орындалды. 46 жастағы Эдгар Тамайоға шығарылған сот үкімін орындауға Ақ үй де, Мексика билігі де қарсы болған еді. Мексика үкіметі Тамайоның тұтқындалған кезде Мексика консулдығынан заңгерлік жәрдем алу құқығы барынан бейхабар болғанын айтып, үкімді орындау консулдық қарым-қатынас туралы Вена келісіміне қайшы екенін алға тартқан. Сол сияқты, АҚШ мемлекеттік департаменті Тамайоға шығарылған үкім орындалған жағдайда АҚШ дипломаттарына шетелдегі өз азаматтарына көмек көрсету қиынға соғатынын ескерткен. Бірақ АҚШ жоғарғы соты үкімді орындау мерзімін кейінге шегеруден бас тартты. Эдгар Тамайоның қолынан қаза болған полиция офицері Гай Гаддистің туыстары сот үкімі орындалғанына қанағаттанушылық білдірді. 22 қаңтар 2014 жыл.

XS
SM
MD
LG