Accessibility links

Украинада АЭС күзеті күшейтілді


АЭС. Украина, 5 мамыр 2004 жыл. (Көрнекі сурет)
АЭС. Украина, 5 мамыр 2004 жыл. (Көрнекі сурет)
Украинаның энергетика және көмір өндірісі министрлігі елдегі атом электростанцияларының күзет режимін күшейтті. Бұл туралы жұма күні ведомства басшысы Эдуард Ставицкий "Интерфакс-Украина" агенттігіне хабарлаған.

Ол "бірқатар БАҚ АЭС-терге шабуыл жасалуы мүмкін деген ақпарат таратты" дейді. Ставицкий радикалды пиғылдағы азаматтарға "шектен шықпаңыздар, егер шектен шықсаңыздар, миллиондаған адамдардың өміріне қауіп төнеді" деген ескерту жасады.

Ставицкий "АЭС қызметкерлерінің шеруге шығуға құқығы жоқ" екенін де айтқан. АЭС-терді Украинадағы "Энергоатом" компаниясының әскерилендірілген бөлімі, ішкі істер министрлігінің ішкі әскері күзетеді.
XS
SM
MD
LG