Accessibility links

Қытай билігі құқыққорғаушыны төрт жылға соттады


Қытай полицейлері сотта ісі қаралып жатқан Сюй Чжиюнге қолдау білдіріп келген адамды ұстады. Пекин, Қытай, 22 қаңтар 2014 жыл.
Қытай полицейлері сотта ісі қаралып жатқан Сюй Чжиюнге қолдау білдіріп келген адамды ұстады. Пекин, Қытай, 22 қаңтар 2014 жыл.
Бүгін Қытай соты елдегі белгілі құқыққорғаушы белсенділердің бірі Сюй Чжиюнді төрт жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сот оны «тобыр адам жинап, қоғамдық тәртіпті бұзған» деп айыптаған.

Балалар құқығын қорғаушы және коррупциямен күресуші белсенді ретінде танымал 40 жастағы Сюй Чжиюн 2013 жылы қамауға алынған еді. Оның «Жаңа азаматтық қоғам» ұйымы қатарында бірге болған алты әріптесінің үстінен қозғалған іс бойынша сот әлі жүріп жатыр.

Қытай құқыққорғаушылары Сюй Чжиюнге шығарылған үкімді «қытай билігінің коррупциямен күрес туралы сөздерімен үйлеспейді» деп сынап мәлімдеме жасады.
XS
SM
MD
LG